Kia – ең көне корей автокөлігін өндіруші, бренд 1944 жылы құрылған. Оңтүстік Кореяда жетекші орынға ие болған Kia маркасы халықаралық нарыққа шықты және бірнеше онжылдықтар ішінде қарқынды дамып келе жатқан бренд, сенімді және қолайлы автокөлік өндіруші деген беделге ие болды. Kia-ның қазіргі заманғы тарихы – сәнді әрі танымал дизайн, инновациялық технологиялар мен мінсіз сапа, кең модельдік қатар, ұтымды баға саясаты және клиентке барынша бағдарлану. Компанияның ұраны – «Movement that inspires» («Шабыт беретін қозғалыс»). Компания жанкүйерлерін озық технологияларға толы және техникалық жетілдірілген жаңа өнімдермен таңғалдырып келеді. Әрбір келесі модель клиенттердің сұраныстарынан басып озып, автокөлік индустриясындағы жаңа трендтерді белгілейді.